National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Құқықтық актiлер


Жарлықтар

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы

2022 жылғы 05 қазан

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

 

1. Елеулі жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін наградталсын:

 

 «Парасат» орденімен

Баталов Леонид Иванович

«Қаныш Сәтпаев атындағы канал» РМК директорының кеңесшісі, Павлодар облысының Екібастұз қаласы;

 

«Құрмет» орденімен

Мақажанов Азамат Шұғаұлы

«Жоғары спорттық шеберлік мектебі» КМҚК оқытушысы – жаттықтырушысы, Павлодар қаласы

Оспанова Айман Қайыркенқызы

«Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы» КМК перинаталдық орталығының бас дәрігері;

 

III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен

Хусаинов Еркеблан Хаджи-Мұратұлы    

«Қазақстан алюминийі» АҚ учаске бастығы, Павлодар қаласы;

 

«Ерен еңбегі үшін» медалімен

Аманбаев Болат Советұлы   

«Қазақстан» РТРК» АҚ меншікті тілшісі, Павлодар қаласы.

 

 

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

                 Президенті                                                                                    Қ.Тоқаев

 

Астана, Ақорда, 2022 жылғы 4 қазан

                  № 1031


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің