Жаңалықтар

13 тамыз 2007
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Кәрбозовты қабылдады.

Кездесу кезінде Президент Нұрсұлтан Назарбаев кеден комитетінің төрағасына кеден органдардың жұмысын түбегейлі өзгерту жөнінде нақты тапсырмалар берді. Комитет басшылығына кеден қызметін қайта құруды жүргізіп, сыртқы экономикалық байланыстарды одан әрі дамытуды және Қазақстанның экономикалық қауіпсіздігін тиімді қорғауды қамтамасыз ету қажет.


Нұрсұлтан Назарбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің, Кедендік бақылау комитетінің кадр құрамын сауықтырудың маңыздылығын атап көрсетті.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар